Сайт картасы
қаз

Режиссер Әсия Байғожинаныӊ фильмі Минскіде өткен фестивальде жеӊімпаз атанды

08.10.2018

Белгілі кинодраматург, кинорежиссер, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы Әсия Байғожина түсірген "Сенім жолында" деректі фильмі Беларуссияда өткен "Еуразия.DOC" деректі кинолары фестивалінде жеӊімпаз атанды.

Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Сенім жолында" деректі фильмі қоғамымыздағы өзекті мәселелердіӊ бірі – адамдардың дін жолында адасуы  туралы баяндайды. Фильмге оқиға дүйім елді дүрліктірген, бірнеше адамдардыӊ өмірін қиып, ондаған жергілікті тұрғындарды жаралаған 2016 жылы Ақтөбеде болған теракті оқиғасы арқау болады.

"Еуразия.DOC" атты ТМД елдерініӊ деректі кино фестивалі осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Биыл фестивальге қатысуға 23 елден 150 фильмдер үміт білдірген. Оныӊ ішінен негізгі байқауға 12 елдіӊ 24 деректі фильмі іріктелінді.

Фестивальдіӊ басты мақсаты – Достастық елдерінің талантты документалист-реджиссерлерінің жұмыстарына қолдау, телевизиялық фильмдерді және кинопублицистиканы жарыққа шығарып жүрген жас киногерлердіӊ жұмыстарын көпшілікке таныту, шығармашылық байланыстарды нығайту болып табылады.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+