Сайт картасы
қаз

Академия студенттеріне арнайы нашақорлыққа қарсы лекция оқылды

04.10.2018

Ғасыр дертіне айналған есірткі және оны тұтынудан аулақ болу, кеселдің алдын алу қажеттілігі бүгінде күн тәртібіндегі ең басты мәселенің бірі болып келеді. Кез келген мемлекеттiң алдында нашақорлыққа күрес ашық жарияланып отыр. Осы орайда, 2018 жылдың 4 қазанында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Алматы қалалық Құқық қорғау ұйымы мен Алматы қалалық наркологиялық медико-әлеуметтік сауықтыру орталығының өкілдері бірлесіп, студенттерге арнайы «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында лекция оқыды.  

Шара барысында арнайы  есірткінің  адам ағзасына зияны туралы деректі фильм көрсетілді. Лекция оқушы мамандар өз кезегінде сөз алып саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жаман әдет, жат қылықтан аулақ болып, саламатты өмір салтын ұстану   туралы кеңінен әңгімеледі.  Іс-шараны Академияның   тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер бойынша проректоры Ш.Қ.Ергөбек қорытындылап, білімді, саналы адам сапалы өмір сүре білу керектігін айтты. 

Сондай-ақ, оқушылар нашақорлық мәселелерін талқылауда белсенділік көрсетті. Лекцияның соңында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+