Сайт картасы
қаз

«Қазақстан мен Орта Азиядағы білім беруді, мәдениетті және өнерді ұлттық сананың кемелденуіндегі бірегей тәжірибе ретінде жаңғырту» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

05.10.2018

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 2018 жылдың 2 қарашасында Т.Жүргеновтің 120-жылдығына арналған «Қазақстан мен Орта Азиядағы білім беруді, мәдениетті және өнерді ұлттық сананың кемелденуіндегі бірегей тәжірибе ретінде жаңғырту» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

 А Қ П А Р А Т Т Ы Қ   Х А Т

Құрметті әріптестер!

 Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 2018 жылдың 2 қарашасында Т.Жүргеновтің 120-жылдығына арналған «Қазақстан мен Орта Азиядағы білім беруді, мәдениетті және өнерді ұлттық сананың кемелденуіндегі бірегей тәжірибе ретінде жаңғырту» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияда мына мәселелер талқылауға ұсынылады:

  1. Ұлттық өнер мен әдебиеттің қалыптасуы мен дамуындағы Темірбек Жүргеновтің бірегей тәжірибесі;
  2. Қазақстан мен Орта Азиядағы тарихи-мәдени және білім беру моделінің реформашысы ретіндегі Т.Жүргенов қызметінің мәні;
  3. Т.Жүргеновтің рухани мұрасы ұлттық сана мен ұлттық дәстүрдің негізі ретінде.

Конференцияның өтілетін орны: Алматы қаласы, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарық көреді. 2018 жылдың 10 қазанына дейін ұйымдастыру комитетінің kaznai.conf@mail.ru электрондық поштасына мақала мәтінін (файлдың атауы: автордың аты-жөні, мақала); конференцияға қатысу туралы өтініш (тіркелген үлгі бойынша), төлем туралы түбіртек (сканерленген нұсқасы электронды пошта арқылы) жіберілуі тиіс.

      Баяндаманы рәсімдеуде авторлардың төмендегі ережелерді жетекшілікке алуын ұсынамыз: Баяндама мәтіні 5 бетке дейін Microsoft Word мәтін редакторында терілуі тиіс, шрифт – Times New Roman; қаріп өлшемі – 14, азат жол  –  1,25 см; жоларалық интервал – 1,0. Азат жол: жоғарғы жағы – 2,0 мм, төменгі жағы – 2,0 мм, оң жағы – 2,0 мм, сол жағы – 3,0 мм.

Тақырыпты рәсімдеу: ТАҚЫРЫП АТАУЫ (жоғарғы жағының ортасынан – тасымалсыз жазба қалың әріптермен), одан әрі бір жолдан кейін ортасына қарай – автордың аты-жөні; келесі жолға жоғары оқу орнының атауы, қаласы, елі (жолдың ортасына); хабарласу үшін автордың Е-mail (жолдың ортасына); бір жолдан кейін мақала мәтіні жазылады; (аннотация қазақ және орыс тіліндегі баяндамалар үщін ағылшын тілінде; ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін қазақ тілінде жазылуы тиіс. Келесі жолдан негізгі мәтін). Пайдаланған әдебиеттер қолданылу ретіне қарай тік жақшамен беріледі.

Конференцияға қатысу жарнасы: 3000 тг.

Конференция жарнасын Каблуков көшесі, 133 үйдегі «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы, 5 қабат, №54 кабинетке (тел. 395-12-50 Тоты) тапсыру керек.

Ұйымдастыру комитеті материалдарды жарыққа шығару үшін іріктеу құқығына ие. Рәсімдеу талаптарына сай келмейтін немесе ұйымдастыру комитеті белгілеген уақыттан кеш жіберілген материалдар конференция мақалалар жинағына қосылмайды және авторларға қайтарылмайды.

Баяндаманың ғылыми мазмұнына, стилистикасына, грамматикасына, пунктуациясына Ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Барлық жауапкершілік автордың өзіне жүктеледі.

Конференцияға шығындарын (қонақ үй, жол шығындары т.б.) қатысушылар өздері төлейді.

Рәсімдеу үлгісі:

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ

А.Ш. Ахметова

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, Алматы қ.

ahmetova@mail.ru

Аңдатпа

Мәтін мәтін мәтін мәтін

Әдебиеттер:

Қатысуға өтініш

Аты-жөні, тегі (толығымен)

 

 

ЖОО атауы

 

Қаласы, Елі

 

 

Байланыс телефоны

 

 

Электрондық пошта

 

 

Баяндама тақырыбы

 

 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+