Сайт картасы
қаз

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА колледжінде Президент Жолдауын талқылады

11.10.2018

2018 жылы 11  қазанда Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжінде Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 05 қазандағы Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.  Жиынға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, қолдайтындарын және жүзеге асыруға белсенді атсалысатындарын білдірді.  Жиынға “НҰР ОТАН” партиясы Бостандық аудандық филиалы  Ақпараттық насихаттау тобының мүшесі Кенжебулатов К.К. және Қазақ-Америка университетінің студенті, «Жас ОТАН» жастар қанатының жастар ісі жөніндегі төрайымы  Аяшева А., мектеп-интернат, колледж оқытушылары Р.К.Толықбаева, А.А. Кабулова, Г. Жармышева, Г.К. Ибраева, Г.Умирзакова, З.Ы. Мадьярова жолдауға қатысты  өз ойларын ортаға салып, қолдайтындарын және жүзеге асыруға белсенді атсалысатындарын білдірді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+