Сайт картасы
қаз

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

09.10.2018

      9 қазан 2018 жылы Академияда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың  алдын алу мақсатында Алматы қаласы Алмалы аудандық құқық қорғау ұйымдарының өкілдері Садық Расул, Әкімханов Айдын, Әлімбаев Дәурен    «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында лекция оқыды. 

      Кездесу барысында құқық қорғау органы өкілдері студенттерге консультациялық кеңес беріп, қазіргі заман талабына сай құқықтық тәрбие үдерісі, құқықтық сауаттылық, құқықтық мәдениеттілік жайлы кеңінен түсіндіріп өтті. Қазақстан Репсубликасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің және қылмыстық  кодекстің қазіргі жастар арасында жиі кездесетін баптарымен нақты таныстырды.

      Алмалы ауданының прокуроры Садық Расул:  «Әрбір азамат ҚР Заңдарын аттамай, тура жолмен жүру, өз құқығын, бостандықтарын, міндеттерін білуі тиіс және құқықтық сауатты болу керек. Сонда ғана құқық бұзушылықтың алдын ала алады», - деді кеңінен түсіндіріп. Іс-шараны Академияның   тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер бойынша проректоры Ш.Қ.Ергөбек қорытындылап, білімді, саналы адам болып өмір сүру үшін құқықтық жауапкершілікті сезіну керектігін айтты.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+