Сайт картасы
қаз

«Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасы ұжымы Семей қаласында «ӘН-КҮЙ КЕРУЕНІ» атты концерт өткізді

18.10.2018

      Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасы ұжымы Шығыс Қазақстан обылысы Семей қаласында «ӘН-КҮЙ КЕРУЕНІ» атты концерт беріп келді. Биылғы жыл Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтың туғанына 120 жыл, Елордамыз Астан қаласына 20 жыл,  сонымен қатар осы оқу орнындағы «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының құрылғанына 10 жыл толып отыр.

      Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және осы мерейтойлық іс-шара аясында «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының ұжымы Әміре Қашаубаев атындағы обылыстық филармонияның халық аспаптар оркестрінің қатысуымен тамаша концерт берді. Сонымен қатар Семей қаласындағы №5 Шәкәрім Құдайбердиев атындағы мектеп-гимназиясында орналасқан «Рухани жаңғыру» орталығында болып, М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің ұстаздары мен студенттерімен кездесу өткізді.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+