Сайт картасы
қаз

«Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетіне арналған жаңа әдебиеттер көрмесі өтті

20.10.2018

19 қазан 2018 жылы Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия кітапханасы «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетіне  арналған жаңа әдебиеттер  мен оқу құралдарының   кітаптар  көрмесі көпшілікке көрсетілді. Көрмеге  кескіндеме, мүсін және дизайн мамандықтарына арналған соңғы шыққан кітаптардың  топтамасы қойылды

Шараға қатысқан студенттер арасында кескіндеме өнеріне қатысты сұрақтарға жауап беру ойыны жүргізіліп, дұрыс жауап берген студенттерге кішігірім  сыйлықтар табыс етілді.

Факультет профессор-оқытушы құрамы мен студенттер кітаптармен танысып өз пікірлерін айтты.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+