Сайт картасы
қаз

ТМД - 2018 ғалымдар Форумына қатысу

22.10.2018

2018 жылдың 15-16 қазан аралығында Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сының доценттері, PhD докторлар Е.Б. Қайранов пен Б.Б. Нөгербек Армения Республикасының Ұлттық ғылым академиясында АР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «ТМД - 2018 ғалымдар Форумына» қатысты (Ереван қ., Армения Республикасы).

Форум келесі форматта өткізілді:

  • 15 қазан күні түске дейін – ТМД елдеріндегі ғылымды дамыту сұрақтары бойынша делегациялардың өкілдері сөз сөйледі. Қазақстан атынан АҚ «ҚР Ғылым қоры» басқармасы Төрағасының орынбасары С.Ж. Аймақов «Коммерциализация науки в РК» тақырыбына баяндама жасады. Түстен кейін – қонақтарға тарихи көрнекті жерлерді көрсету, соның ішінде, Гегард үңгірлі монастырь (армян сөзінен аударғанда – найза, ескерткіш ЮНЕСКО тізіміне кірген), және де Гарнидағы пұтқа табыну ғибадатханасымен танысу сияқты мәдени бағдарламасы ұйымдастырылған болатын.
  • 16 қазан күні баяндамалар мен оларды талқылау 3 дөңгелек үстелдерде мынадай өзекті тақырыптар бойынша жалғастысты - 1) «Іргелі ғылымның қазіргі жағдайы мен дамыту болашағы», 2) «Цифрлық замандағы ғылыми қарымқатынасты жетілдіру», 3) «Инновациялық ғылыми зерттеулер».

Армения Ұлттық ғылым академиясының президенті Р. Мартиросян өзінің алғы сөзінде айтқанындай: «Форум инновациялық саясатты дамыту бойынша бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған, жастар арасында ғылымды дәріптеуге, ТМД елдері арасында тәжірибе алмасуға, және де аймақтың жалпы ғылыми-білімдік кеңістік жасауға арналған платформа болуы мүмкін» - деді. Іс-шара қорытындысы бойынша Форумның декларациясы қабылданды.

         АР ҰҒА құрылымында «Арментану мен қоғамдық ғылымдар» бөлімінің қасында 1958 ж. құрылған «Өнер институты» бар. Ғылым академиясында өзінің іргелі ғылыми кітапханасы бар болып, ғылым саласы бойынша көптеген университеттермен тығыз байланыс жасайды, соның ішінде өнер саласында да, және де түрлі бағыттарда халықаралық конференциялар ұйымдастырады.

АР ҰҒА қызметі туралы нақтырақ мына электрондық жүйеден танысуға болады: https://www.sci.am/orgsview.php?id=38&langid=3

ТМД - 2018 ғалымдар Форумы туралы видео жаңалықтарды келесі электрондық жүйелерден көруге болады:

https://www.youtube.com/watch?v=gKfWGKvodF4

 https://www.youtube.com/watch?v=FkJ7qK13g8U

 https://www.sci.am/newsview.php?id=199&langid=1#top

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+