Сайт картасы
қаз

Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушылары спорт түрлерінен матчтық кездесулер өткізді

22.10.2018

08.10.2018ж – шағын футболдан Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мен Тынышбаев атындағы ҚазККА студенттері арасында. Жарыс Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА футбол алаңында өтті. Кездесуде Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА 3:2 есебімен жеңіске жетті.

13.10.2018ж - баскетболдан Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мен Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің студенттері арасында. Жарыс Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА спорттық залында өтті. Кездесуде  78:72 есебімен Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі жеңіске жетті.

17.10.2018ж – волейболдан  Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенттері  мен ҚазБСҚА студенттері арасында. Жарыс ҚазБСҚА спорттық базасында өтті . Кездесуде 3:2 есебімен ҚазБСҚА командасы жеңіске жетті.

19.10.2018ж – волейболдан (ер балалар) Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенттері мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің студенттері арасында. Жарыс Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА спорттық залында өтті. Кездесуде 3:2 есебімен Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенттері жеңіске жетті.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+