Сайт картасы
қаз

Жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының «Абыржы» роман-трилогиясы кітабының тұсаукесері өтті

23.10.2018

23 қазан 2018 жылы Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясында  көрнекті жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының «Абыржы» роман-трилогиясы кітабының тұсаукесері өтті.  Аталған жиында қатысушылар С.Жұбатырұлының шығармасы туралы  ҚР еңбегі сіңген қайраткері Болат Шәріп,   жазушы Молдахмет Қаназ, ақын Байбота Қошын-Ноғай, ақын, жазушы, журналист Ахмет Өмірзақов, суретші Қайырбай Закиров, ардагер журналист Сәтімбек Рысбаев,  Кино және телевизия факультетінің профессоры  Ғанижамал Әбілдина және бірқатар зиялы қауым өкілдері өз пікірлерін білдірді.

 Жазушының «Отты өткел», «Бумеранг» повестері, бірсыпыра әңгіме-новеллалары «Жасыл  сағым» (1978), «Алыстағы аралдар» (1980), «Зеленый мираж» (орыс тілінде, 1984) жинақтарында және бірнеше  ұжымдық жинақтарда жарық көрген көптеген шығармалары бар. Сондай-ақ, жастарға арналған шығармалардың жабық бәйгесінде «Алыстағы аралдар»  повесімен 2-орынды жеңіп алды. «Алақандағы ұя» әңгімесі әлемнің бес тілінде жарияланды.

  «Абыржы» – оқырман ойын сан-саққа салатын беймаза  кітап. Бәлкім, ол сонысы­мен құнды... Пышақ өткір болса, қын түбінде көп жатар деймісің... Роман – қазақ әдебиетінің қазынасына сәтімен қосылған жаңа үлгідегі проблемалық трилогия», – деп атап айтты жазушы, «Құрмет» орденінің   иегері Молдахмет  Қаназ.

Жиын соңында жазушы романның негізгі идеясы мен шығарманың қалай дүниеге келгені туралы кеңінен әңгімеледі.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+