Сайт картасы
қаз

Академияда латын әліпбиіне көшудің артықшылықтарын талқылады

22.10.2018

   2018 жылдың 22 қазанында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бас ғимаратында  А.Байтұрсынұлы атындағы "Тіл білімі" институтының бас ғылыми қызметкері, белгілі тіл маманы, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбекпен "Латын әліпбиіне көшу - заман талабы" атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесу барысында жаңа әліпбидің ерекшеліктері, Қазақстанда латын әліпбиінің қолданылу тарихы, Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында қазақ әліпбиін латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшірудің негізгі тұстары баяндалды және академия студенттері  осы тақырып аясында өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алып, ойларын ортаға салу мүмкіндігіне ие болды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+