Сайт картасы
қаз

«Қазақстан руханияты мен мәдени ескерткіштерінің Энциклопедиясы» ктабының тұсаукесері өтті

24.10.2018

   2018 жылдың қазан айының 24-ші жұлдызында  Достық үйінде  «Қазақстан руханияты мен мәдени ескерткіштерінің Энциклопедиясы» атты бірлескен монографияның тұсаукесері өтті. Бірлескен еңбек авторлары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғалымдары болып табылады.  «Қазақстан руханияты мен мәдени ескерткіштерінің Энциклопедиясы» монографиясы – «Қазақстан-2050 Стратегиясы: қоғамдық сананы жаңғырту үдерісіндегі мәдени ескерткіштердің орны» аясындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым Комитетінің ғылыми жобасы шеңберінде орындалды. 

   Энциклопедияны құрастырушылар: философия ғылымдарының докторы, профессор Ғабитов Т.Х. және философия ғылымдарының кандидаты, профессор, ХАА академигі Алимжанова А.Ш.

   Энциклопедия бай мәдени мұра негізінде Қазақстан халықтарының тарихы және өнерімен таныстырып, Қазақстан халықтарының әдет-ғұрпы мен дәстүріне деген қызығушылықты қалыптастырады.

   Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті және Қазақстан халқы Ассамблеясы, Алматы қаласы Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету қызметі,  «Қазақстанның румын-молдаван ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі қолдауымен ұйымдастырылды.

   әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессор-оқытушылар құрамы, ҚХА мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен мүшелері, жастар өкілдері, Алматы қаласы ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, БАҚ қатысты.

   Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА кітапхана қызметкерлері фойеде Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы кітаптар, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессор-оқытушылар құрамының зерттеу жұмыстарының көрмесін ұйымдастырды.

   Тұсаукесер қонақтары мен қатысушыларына Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА магистранттары мен Алматы қаласы ЭМБ шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Қазақстан халқы бейбітшілік пен келісімде» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+