Сайт картасы
қаз

Шағын-футболдан факультетаралық біріншілік өтті

26.10.2018

24 қазан 2018 жылы дене тәрбиесі  кафедрасы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлық – оқытушылар  құрамы мен қызметкерлері арасында шағын-футболдан факультет аралық  біріншілік  өткізді.

        Жарысты дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі, профессор Михайлова Светлана Николаевна ашты.

Жарыс Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА футбол алаңында өтті. Жарысқа 4 команда қатысты: Колледж, Кескіндеме, мүсін және дизайн, Әкімшілік-шаруашылық басқармасы, Театр өнері.

Жарыстың қортындысы:

1-орын  -  «Колледж» құрама командасы

2- орын -  «Әкімшілік-шаруашылық басқармасы» құрама командасы

3- орын  - «Театр өнері» құрама  командасы                                                                                                            

«Колледж» құрама командасы тиісті І дәрежелі дипломдармен, кубокпен марапатталды. 2 және 3 орын иеленген командалар тиісті дәрежелі грамоталармен марапатталды.

Біріншіліктің үздік ойыншылары:

  1. Оразалы Ерік - «Әкімшілік-шаруашылық басқармасы» құрама  командасының ойыншысы.
  2. Токеев Ерғалым - «Театр өнері» құрама командасының ойыншысы.
  3. Губашев Асылбек - «Колледж» құрама командасының ойыншысы.

Үздік ойыншылар грамоталармен марапатталды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+