Сайт картасы
қаз

«Қоғамдық сананы жаңғырту контекстіндегі когнитивті лингвистика» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтеді

29.10.2018

Шетел тілдері және ҚХА кафедрасы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы 2018 жылдың 23-24 қарашасында «Қоғамдық сананы жаңғырту контекстіндегі когнитивті лингвистика» атты халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысуға шақырады.

 Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс.

 Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Когнитивті лингвистиканың теориялық және әдістемелік негіздері.
  2. Тіл білімін концептуалдау және категориялау: жаңа әдіс-тәсілдер
  3. Заманауи лингвистиканың өзекті мәселелері: когниция және коммуникация. Әлеуметтік когниция. Әлеуметтік үдерістерді когнитивті – лингвистикалық үлгілеу.
  4. Когнитивті лингвистика және пәнаралық зерттеулер.
  5. Заманауи білім беру парадигмасының аспектілері. Шетел тілдерін оқыту теориясы мен әдіснамасының мәселелері.
  6. Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясындағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері.

 Конференцияға  қатысу  үшін қатысу өтініші мен мақаланың электронды тасығыштағы нұсқасы ұйымдастыру комитетінің englishpost2@gmail.com электрондық поштасына 2018 жылдың 10 қарашасына дейін жіберілуі қажет.

 Конференцияға қатысу өтініші:

  1. Автор(-лар)дың аты-жөні (толық).
  2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі.
  3. Жұмыс/оқу орны: ЖОО-ның/ұйымның атауы.
  4. Мақаланың атауы.
  5. Қатысу формасы (тікелей және сырттай).
  6. Қонақ үйді брондау қажеттілігі (иә/жоқ).
  7. Пошталық адресі және e-mail, байланыс телефоны.
  8. Техникалық құралдар қажеттілігі (иә/жоқ).

 Конференцияға келгендегі шығындар қатысушылардың есебінен жүзеге асырылады.  Ұйымдастыру комитетінің  конференция тақырыбына сәйкестігі және ғылыми жаңалығына қарай мақалаларды таңдап алуға құқығы бар. Конференция материалдарының жинағы конференция басталғанға дейін басып шығарылады. Конференция жинағында мақала жариялау тегін.

 Қосымша ақпарат жөнінде байланыс телефоны +7 707 837 7527 – доцент Таутенбаева Айнагуль Абдумажитовна, Шетел тілдері және ҚХА кафедрасы.

 Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

 Конференция материалдары электронды нұсқада (doc, docx, rtf форматында) файл түрінде ұсынылуы керек. Файл атауында автордың тегі көрсетіледі (авторлар бірлестігі болған жағдайда алғашқы автордың тегі көрсетіледі). Мақала мәтіні 5 бетке дейінгі көлемде.

14 кегль,  Шрифт Times New Roman, ені бойынша тураланып, жоларалық интервал – біреу, азат жол – 1,25 см, жиектері: жоғарғы  және төменгі - 2 см,  сол жақ - 3 см, оң жақ - 1 см.

Кестелер, диаграммалар, суреттер форматтауға мүмкіндік беретін нұсқада ұсынылады (аударма жасауға қажет), мысалы: Сурет 1. Атауы, Кесте 1. Атауы.

 Мақаланы құрылымы жағынан безендіруге қойылатын талаптар:

– Автор(-лар)дың аты-жөні (толық);

– Әр автордың ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі;

–  электронды пошта адресі және авторлардың бірінің байланыс телефоны;

– мақала атауы;

– секция атауы

– аңдатпа;

– тірек сөздер /сөз тіркестері);

– әдебиеттер тізімі алфавит реті бойынша орналастырылады; әдебиетке сілтеме  квадрат жақшада көрсетіліп беріледі

 Мақалаларды дайындауда аталған талаптарды орындауларыңызды өтініп сұраймыз.

                                                         Ұйымдастыру комитеті

Өткізілу орны:  Алматы қаласы, Панфилов көшесі 127, Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның бас оқу ғимараты, оқу театры.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+