Сайт картасы
қаз

"Тіл - өркениет пен мәдениетке бастар жол" тілдер апталығы

26.10.2018

 

      2018 жылдың 22-26 қазан аралығында Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА "Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар" кафедрасында "Тіл - өркениет пен мәдениетке бастар жол" атты жыл сайынғы Тілдер апталығы өтті. Бұл жылы апталық Елбасының "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға арналды. Тілдер апталығы аясында белгілі тіл маманы, қазақ тілінің латын графикасын жасаушы, профессор Әлімхан Жүнісбекпен кездесу өтті. Кездесу барысында жаңа әліпбидің ерекшеліктері, Қазақстанда латын әліпбиінің қолданылу тарихы, қазақ әліпбиін латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшірудің негізгі тұстары баяндалды. Сондай-ақ «Ана тілі - бабалар мұрасы. Қазақ жазушыларының латын әліпбиіндегі кітаптары» атты тақырыптық кеш, «Қазақстанның тұрмыс-салттық географиясындағы ғажайып ескерткіштер» тақырыбында театрланған қойылым және тағы басқа көптеген қызықты іс-шаралар өткізілді

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+