Сайт картасы
қаз

Алматы қаласының мәдениет және өнер оқу орындары арасында шағын-футболдан турнир өткізді

31.10.2018

27.10.2018ж. Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының  дене тәрбиесі кафедрасы Алматы қаласының мәдениет және өнер оқу орындары арасында шағын-футболдан турнир өткізді. Жарысқа қатысқан командалар:

- О.Таңсықпаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер қолледжінің құрама командасы;

- Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің құрама командасы;

- А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының құрама командасы;

- С.Құрманғазы атындағы Консерваторияның құрама командасы;

- Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледж құрама командасы;

- Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының құрама командасы;

- Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия факультеттерінің құрама командасы.

Жарыстың қорытындысы бойынша:

1-орын- С.Құрманғазы атындағы Консерватория.

2-орын- А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты.

3-орын- Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының құрама командасы.

Жарыс жеңімпаздары тиісті дәрежелі грамоталарымен марапатталды .

Жеңімпаз команда кубокпен және тиісті дәрежелі грамоталарымен марапатталды.

            Турнирдің үздік ойыншылары атанғандар:

Таубалды Бекзат – А. Жұбанов атындағы музыкалық мектеп;

Нутуған Болат – С.Құрманғазы атындағы Консерватория;

Алдебаев Асхат - . Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының құрама командасы.

Үздік ойыншылар грамоталармен марапатталды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+