Сайт картасы
қаз

Сырым Нұрмолдин «Шертпе-Күй» Республикалық фестивалінде жеңімпаз атануымен құттықтаймыз!

31.10.2018

      Елордамыздың 20 жылдығының құрметіне орай «Шертпе күй» республикалық фестивалі ағымдағы жылдың 25-26 қазан аралығында Талдықорған қаласында өткізілді. Шара мақсаты шертпе күйдің дәстүрлі орындаушылық мәйе­гін сақтап, қалған ел арасындағы күйшілерді, халық арасында жан-жақты насихаттап, күйшілік өнер тарихын өскелең жастардың зердесіне дарыту, ғылыми танымын арттырып кеңінен насихаттау.

      Аталған байқауда «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының оқытушысы Сырым Нұрмолдин «Шертпе-Күй» республикалық фестивалінде 2 орын иегері, сондай-ақ студент Балғабаев Ерсұлтан арнайы сыйлықтың иегері атанды. Біз оларды жеңісімен құттықтаймыз!

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+