Сайт картасы
қаз

Бішкек қаласында VI «Үміт» ТМД жастар кинофорумы өтті

28.10.2018

      2018 жылдың 25-28 қазан айында Бішкек қаласында VI «Үміт» – ТМД елдерінің жастар киносы форумы аталып өтті. Форум Шыңғыс Айтматовтың 90-жылдығына орай ұйымдастырылды. VI «Үміт» форумы ТМД-ға мүше елдердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры (РФ) қолдауымен Қырғызстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және  туризм министірлігі, Кинематография департаменті өткізді.

«Үміт» форумының басты мақсаты – ТМД елдерімен өзара байланыс орнату, мәдениет пен кинематография саласындағы дарынды жастарды қолдау болып табылады. Конкурстық бағдарлама үш секциядан құралды: «Көркемсуретті фильмдердің халықаралық байқауы», «Деректі фильмдердің байқауы», «Ұлттық көркемсуретті фильмдердің байқауы».  Байқауға 11 елден 40 жуық кинотуындылар қатысты.

Форумның «Деректі кино» бағдарламасына Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ  ұлттық өнер академиясы «Өнертану» факультетінің «Кино тарихы мен теориясы»  кафедрасы оқытушылары қазылық етті:

Баубек  Нөгербек – кинотанушы,  доцент,  PhD, қазылар алқасының төрағасы;

Алма Айдар – кинотанушы, аға оқытушы,  PhD, қазылар алқасының мүшесі;

Ержан Жұмабеков – кинотанушы, оқытушы, «Байқоңыр» қысқаметрлі фильмдер фестивалінің бағдарлама директоры, қазылар алқасының мүшесі.

Сондай-ақ, Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА магистранты Берік Жаханов «Асан» фильмімен «Халықаралық көркемсуретті фильмдер» байқауына қатысты.

Форум аясында келісі іс-шаралар өтті: 
- «Искусство кино» журналының шеф-редакторы Евгений Майзельмен шеберлік сағаты;
- ВГИК күндері;
- Кинотанушы Бауыржан Нөгербектің туғанына 70 жыл толуына орай еске алу кеші;
- Форум қорытындысына арналған дөңгелек үстел отырысы.

Форумды Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА түлегі, кинорежиссер Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмі ашты.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+