Сайт картасы
қаз

«Актерлік өнер» факультеті және «Сценграфия» кафедрасына арналған жаңа әдебиеттер мен оқу құралдарының кітаптар көрмесі өтті

01.11.2018

   «Актерлік өнер» факультеті және «Сценграфия» кафедрасына арналған жаңа әдебиеттер  мен оқу құралдарының   кітаптар  көрмесі өтті

1 қараша  2018 жылы Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия кітапханасы «Актерлік өнер» факультетіне және «Сценграфия» кафедрасына арналған жаңа әдебиеттер  мен оқу құралдарының   кітаптар  көрмесі көпшілікке таныстырды.

 Көрме – оқырмандар қосымша білім алатын, ұсынылған тақырыпқа қызығушылығын қалыптастыруға және кеңейтуге мүмкіндік беретін, әдебиеттің көрнекі насихаттау әдісінің негізгі түрі. Біздің мақсатымыз –  оқырмандарды кітапханаға түскен жаңа кітаптар, газеттер, журналдар, фото және бейнематериалдармен таныстыру.

   Кітап – рухани азық! Тек ғана бағыттаушы, бағдарлаушы онермізді толықтырып және осы арқылы кітапта, яғни әдебиеттерден білімдеріңізді жетілдіресіздер. Сондықтан, кітап көрмесін фаукльтетке арнап өткізу арқылы бүгінгі біздің студенттердің бетін кітапқа бұрыуға септессек деген ізгі ниетіміз бар. Түптеп келгенде, біздің ең басты мақсат – осы» - дейді «Актерлік өнер» факультетінің деканы,профессор Құлбаев А.Б.

   Факультет профессор-оқытушы құрамы мен студенттер кітаптармен танысып өз пікірлерін айтты.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+