Сайт картасы
қаз

«Қазақстан мен Орта Азиядағы білім беруді, мәдениетті және өнерді ұлттық сананың кемелденуіндегі бірегей тәжірибе ретінде жаңғырту» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

03.11.2018

      Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында мемлекет және қоғам қайраткері, білім мен өнердің нағыз жанашыры Темірбек Жүргеновтің туылғанына 120 жыл толуына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.                                                                                    

      Жиын тақырыбы: «Қазақстан мен Орта Азиядағы білім беруді, мәдениетті және өнерді ұлттық сананың кемелденуіндегі бірегей тәжірибе ретінде жаңғырту» деп аталды. Аталған конференцияға: ҚазҰӨУ ректоры м.а., профессор Ш.Әмірбеков, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология инситиуты директорының орынбасары, профессор С.Борбасов, М.Ұлуғбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің профессоры З.Ишанходжаева, Ресей-Тәжік славян университетінің кафедра меңгерушісі, доцент А.Артықов, қоғамдық қор, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, ЖОО-ның оқытушы-профессорлары, докторанттары, Темірбек Қараұлының туысқандары, сонымен бірге Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті Б.Иманғалиев қатысты.

       Іс-шара барысында арнайы көрме ұйымдастырылып, деректі фильм көрсетілді. Т.Жүргеновтің қайраткерлік, қаламгерлік, азаматтық болмысы жайында сөз болды. Жүргеновтанушы-ғалым Б.Иманғалиев Нарком Жүргенов туралы арнайы баяндама жасап, қайраткердің республика тарихында алар қоғамдық-саяси орны, қаламгерлік мұрасы, жас ұрпаққа берер өнегесі және тың ұсыныстарын жеткізді. Шығып сөйлеушілер де Ағарту комиссарының қилы ғұмыры, атқарған қызметі туралы естеліктер айтты. Жиын соңында көтерілген ұсыныстар жинақталып, хаттамаға түсірілді. Академия  шаңырағында мазмұнды  өткен ғылыми     конференция  өз мақсатына жетті.        

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+