Сайт картасы
қаз

Қызылорда қаласында «Туған жерге тағзым» атты көрмесі өтті

25.10.2018

      Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасы аясында, Қызылорда қаласының 200 жылдығы және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтың 120 жылдық мерей тойына арнап, «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті профессор-оқытушыларының  «Туған жерге тағзым» атты шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды.

Академияның суретшілері мен өнерпаздары еліміздің мәдени дәстүрлері мен өмірлік болмыстарын, ой-сезімі мен ұмтылыстарының, жеке тұлғалық сұлулығы мен деңгейін өнер тілімен баршаға жеткізе білуге тырысады.

         Көрмеде Қызылорда  облысының  тумалары  алыс жақын шетелдерде,   Қазақстанда белгілі суретшілері өз шығармашылық еңбектерін Қызылорда халқымен,  қонақтарына ұсынды.

    Т.Қ.Жүргенов Қазақ ұлттық өнер академиясы атынан  «Т.Қ.Жүргеновтың» портреті және  профессор Ә.Сәрсенбаев, Т.Сүлейменовтің туындылары орталық мұражайға, сонымен қатар студенттердің салған еңбектері Т.Қ.Жүргенов қорына  тарту етілді.

    «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің атынан, Қызылорда облысы әкімшілігіне, Т.Қ.Жүргенов қорының басшысына, Орталық мұражайы, өнер галереясы ұжымдарына алғысымызды айтамыз! 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+