Сайт картасы
қаз

«Фортепиано» пәнінен ашық сабақ өткізілді

13.11.2018

«Жеке ән салу» кафедрасының оқытушысы С.К.Каюпова  2018 жылы 9 қарашада «Фортепиано» пәнінен 5В040700-Актерлік өнер мамандығы, «Кино және театр» мамандандыруының 1 курс студенті Серікбай Жансерікпен ашық сабақ өткізді.

      Сабақтың тақырыбы: «Фортепиано аспабында алғашқы орындау үдерісі».

      Сабақтың мақсаты: Аспап туралы түсінік және фортепианоны игеру тәсілдерін қалыптастыру, көрсету.

      Аға оқытушы С.К.Каюпова сабақ барысында өзінің қойған мақсатына орай мынадай міндеттерді жүзеге асырды: теориялық терминдерді игеру, «еркін аппарат» дағдысы, фортепианолық артикуляция, таныс емес нота мәтінін бірден оқу.

«Кино және театр» мамандандыруының 1 курс студенті Серікбай Жансерік сабаққа қойылған міндеттерді толық меңгерді. Сабақ  кәсіби деңгейде өтті.

On 9th November, 2018 teacher of the «Solo singing» Department Kayupova S.K. held an open lesson on the discipline "Piano" with the 1st year student Serikbay Zhanserik studying «5B040700-Actor's art» specialty on the specialization «Actor of cinema and theater».

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+