Сайт картасы
қаз

Дене тәрбиесі кафедрасы Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА және колледж студенттері арасында баскетболдан факультет аралық біріншілік өткізді

10.11.2018

10  қараша 2018 жылы дене тәрбиесі кафедрасы Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА және колледж студенттері арасында баскетболдан факультет аралық біріншілік өткізді.

Кафедра меңгерушісі профессор Михайлова Светлана Николаевна,  
шақырылған төрешілер баскетболдан спорт шеберіне үміткер Рубцова Татьяна мен Капралова Анна және дене тәрбиесі кафедра оқытушылары жарыстын ашылу салтанатына қатысты.

Жарыс Т.Қ. Жүргенов атындағы  ҚазҰӨА спорт залында өтті.  5 факультеттің құрама командасы  қатысты: «Кино және Теледидар», «Өнертану», Колледж және  «Кескіндеме,  мүсін және дизайн» факультетінен екі құрама командасы.

Жарыс нәтижесі:

1 орын -  «Кескіндеме,  мүсін және дизайн» факультетінің №1 құрама командасы

2 орын –  Колледж студенттерінің  құрама командасы

3 орын – «Кескіндеме,  мүсін және дизайн» факультетінің №2  құрама командасы

            Жеңімпаз команда – кубокпен, I дәрежелі дипломдармен, алтын медальдармен марапатталды. 2 және 3 орын алған құрама командалар тиісті дәрежелі дипломдармен, медальдармен марапатталды.

 Біріншіліктің үздік ойыншылары деп танылды:

 Аманқұл Нұрболат (3 курс, «Кескіндеме, мүсін және дизайн»)

 Қанат Ерасыл (3 курс, Колледж)

 Пирмаханова Ұлбосын (1 курс, «Кино және ТД»)

 Халитова Нурания (1 курс, «Кино және ТД»)

Үздік ойыншылар дәрежелі грамоталармен марапатталды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+