Сайт картасы
қаз

Көрмеге Темірбек Қараұлы Жүргенов туралы жазылған кітаптар мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар қойылды

21.11.2018

2018 жылдың 21 қарашасында Алматы қаласы Қазақстан инженерлік- технологиялық университетінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында «Рухани жаңғыру: бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Конференция аясында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кітапханасы «Темірбек Жүргенов теперіш тағдыр» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрмеге Темірбек Қараұлы Жүргенов туралы жазылған кітаптар мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар қойылды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+