Сайт картасы
қаз

Дене тәрбиесі кафедрасы Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨ академиясының студенттері мен колледж оқушылары арасында ұлттық ойындардан турнир өткізді

24.11.2018

     24 қараша 2018 жылы  дене тәрбиесі кафедрасы Темірбек  Жүргенов атындағы ҚазҰӨ академиясының студенттері мен колледж оқушылары арасында ұлттық ойындардан турнир өткізді.

     Турнирдің ашылу салтанатына: кафедра меңгерушісі, профессор Михайлова Светлана Николаевна және кафедра оқытушылары қатысты.

Жарыс ҚазҰӨА спорттық залында өтті. Жарысқа 5 факультеттің командасы қатысты: «Кескіндеме, мүсін және дизайн», «Өнертану», «Музыкалық  өнер», «Кино және теледидар» және колледждің командасы.

      Турнирдің бағдарламасына: асық, ләңгі және арқан тарту кірді.

Жарыстың нәтижесі:

1 орын – «Музыкалық  өнер» факультетінің құрама командасы

2 орын –  Колледж құрама командасы

3 орын - «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің құрама командасы

Орын  алған құрама командалар тиісті дәрежелі  грамоталар мен марапатталды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+