Сайт картасы
қаз

“Кино және ТВ” факультетінің оқытушысы Оңғарбек Алхаров Стамбулда “Қазақ өнері мен мәдениеті” атты

11.11.2018

   2018 жылы 10-11  қараша күндері Зейтінбұрын ауданы пойыз аялдамасының қасындағы алаңда ашық аспан астында Темірбек Жүргенов Өнер акдемиясының мұғалімі, фотограф Оңғарбек Алхаровтың “Қазақ өнері мен мәдениеті” атты этнографиялық фотокөрмесін өткізді. Өнер академиясы мен бірге Стамбул қаласында орналасқан Қазақ білім және зерттеу қоғамы /ҚАТЕАД/ ұйымдастырған осы көрмеде , қазақтың салт дәстүрі, қол өнері, бәйге жарыс, саятшылық, киіз үй, наурыз сынды қазақтың мәдениетіне қатысты шебер түсірілген фотолар, Стамбул қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылды. Фотокөрмені Қазақстанның Стамбулдағы консулы Ғалымжан Ерімбетов, Мимар Синан атындағы Көркем Өнер Университетінің профессоры Абдулуаһап Кара, “ҚАТЕАД” қоғамының төрағасының орынбасары Ерол Йолжу ашты.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+