Сайт картасы
қаз

Академия профессоры Аман Құлбаевтың 70-жылдығына арналған турнир өткізілді

25.11.2018

   2018 жылдың  25-ші қарашасында  «Театр өнері» факультетінің деканы мен дене тәрбиесі кафедрасымен бірге Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, профессор, «Театр өнері» факультетінің деканы Аман Бекенұлы Құлбаевтың 70-жылдығына арналған ,  мәдениет және өнер қайраткерлері арасында волейболдан турнир өткізді.

   Волейболдан Турнир Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің спорттық залында өтті.

   Турнирдің ашылу салтанатына Т.Қ. Жүргенов атындағы Қаз ҰӨ академиясының ректоры Маемиров А.М, ҚазМҚПУ ректоры Алдамбергенова Г.Т. және «Театр өнері» факультетінің деканы Құлбаев А.Б. қатысты.

Жарысқа Алматы қаласының мәдениет және өнер қайраткерлерінің құрама командалары қатысты:

  • Ғ.Мүсірепов атындағы жас көрермен театры;
  • Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Филармониясы;
  • Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі;
  • Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы;
  • «Алатау» дәстүрлі өнер Театры;
  • «Жас сахына» театры және т.б.

 Жарыстың нәтижесі

1 орын -Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы;

2 орын- Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі;

3 орын- Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Филармониясы;

         1-ші орынды жеңіп алған Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚАЗҰӨ академиясының командасы Құрмет кубогымен, бірінші дәрежелі дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталады.

         2-ші және 3-ші орындарға ие болған командалар – тиісті дәрежелі дипломдарға және ақшалай сыйлыққа ие болды.

Турнирдің үздік ойыншылары

Ахметов Асет - Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Филармониясы;

Омаров Рахман - Ғ.Мүсірепов атындағы жас көрермен театры;

Казыбаев Сабит - Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы;

  Үздік ойыншылар құрмет дипломдарымен және бағалы картиналармен марапатталды.

 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+