Сайт картасы
қаз

«Әдебиет – кинематографтың анасы» тақырыбында кездесу өтті жазушы Ерболат Әбікенұлымен кездесу өтті

30.11.2018

   2018 жылдың 30 қараша  күні Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының №2 ғимаратындағы кітапхана залында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының доценті, PhD доктор Бияздықова Әлия Әлімбекқызы еліміздегі танымал жас сатирик жазушы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Ерболат Әбікенұлымен «Әдебиет – кинематографтың анасы» атты кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – өнер шаңырағын аттаған студент жастардың кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін ояту, әдеби шығармаларды оқуға деген қызығушылығын тудыру және кино өнерінің әдебиетпен тікелей байланысын сезіндіру. Кездесуге Кино және ТВ факультеті мамандығының 1 курс студенттері қатысып, әдебиет пен кино өнерінің байланысы, әдебиетсіз киноға қадам басудың қиындығы туралы мәселелерді жазушы мен кинорежиссердің өз ауыздарынан естіп, болашақ маманға әдебиеттің ауадай қажет екендігі жайлы мәліметтер алды. Кеш барысында студенттер қонақтарға өздерін толғантып жүрген сұрақтарын қойып, ән айтып, өлең оқып, өз өнерлерін де көрсетті.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+