Сайт картасы
қаз

Академия оқу театрында Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты кеш өтті

30.11.2018

   Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқу театрында Тұңғыш  Президент күніне арналған салтанатты кешке мәдени байланысты кеңейтуге арнайы келген Біріккен Араб Әмірліктері Халықаралық мәдени дипломатия институтының төрағасы Мухаммед Камиль Али Муейни бастаған делегация құрамы қатысты.

   Ұстаздар мен студенттер, зиялы қауым өкілдерінің алдында сөз сөйлеген  академия ректоры Асхат Маемиров өзінің жүрекжарды тілегін білдіріп, «Мемлекет басшысының елімізді аяғынан тік тұрғызып, елімізді әлемге танытудағы еңбегі ұшан-теңіз. Әсіресе, қазақ елінің мәдениеті мен өнері өркениетті мемлекеттердің қатарында әлемге әйгілі болғанын зор мақтанышпен айта аламыз. Қазіргі таңда кең байтақ елімізде Елбасының атқарылып жатқан игі істер тәуелсіз Қазақстанды бұдан да биік шыңдарға көтере бермек» деп атап өтті. Кеш соңында Академия басшылығы мен араб елінің мәдениет өкілдері екіжақты мәдени байланыстың ынтымақтастық бағыттары  жөнінде пікір алмасты.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+