Сайт картасы
қаз

Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сы оқытушылары ғылыми еңбектерінің тұсаукесері өткізілді

04.12.2018

   04 желтоқсан 2018 жылы сағат 11.30-да Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сының кітапханасында академия оқытушылары 2 ғылыми еңбектерінің тұсау кесер рәсімі өткізілді.

  • «Қазақстан руханияты мен мәдени ескерткіштерінің Энциклопедиясы» -

тақырыбындағы ұжымдық еңбектің тұсау кесері. Энциклопедия авторлары: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сының ғалымдары мен оқытушылары болып келеді. Соның ішінде, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сының атынан авторлары – «Қазақстан тарихы мен әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, академия профессоры Алимжанова Алия Шарабекқызы және тарих ғылымдарының кандидаты, академия профессоры Шаймерденова Мендіғаным Джамалбекқызы.

    «Қазақстан руханияты мен мәдени ескерткіштерінің Энциклопедиясы» - еңбегінің әзірленіп жариялануы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің ғылыми жобасы шеңберінде «Казахстан-2050» Стратегиясы: рухани жаңғыру үдерістеріндегі мәдениет ескерткіштерінің рөлі» мәнмәтінінде орындалған. Бұл ғылыми еңбек – рухани және білім саласындағы даму бойынша бірінші Энциклопедия, біздің елдің мәдени мұрасын сақтау мен тиімді пайдалануды, және Қазақстан халқының рухани дамуын қамтамасыз етеді. Энциклопедия Қазақстан халқының тарихы мен өнерін бай мәдени мұра арқылы таныстыра отырып, Қазақстанда өмір сүретін барлық халықтардың салт-дәстүрлеріне, әдеп-ғұрыптарына қызығушылықтың қалыптасуына септігін тигізеді.

   2) «Современное монументальное искусство Казахстана: традиции и новаторство» тақырыбындағы монографияның тұсау кесері. Монография авторы PhD докторы, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сы «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының доценті Қайранов Ербол Бахарамұлы.

«Современное монументальное искусство Казахстана: традиции и новаторство» монографиясында Қазақстан монументалды өнерінің барынша даму кезіндегі дәстүрі мен жаңашылдығы қарастырылып, сонымен қатар, АҚШ-тың монументалды өнері дамуының тарихымен салыстыру жүргізілген. Қазақстанның монументалды өнері – бұл байырғы заманнан сақталып келген мүсіндік ескерткіштер мен монументалды-сәндік кескіндеме, сонымен қатар, кеңестік кезең, және де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейін жасалған монументалды өнердің үлгілері. Бұл монография Қазақстан монументалды өнерінің қалыптасып дамуының тарихы бойынша ғылыми зерттеу, және тек арнайы орта білім мен жоғары білім оқушыларына ғана емес, сонымен бірге, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларға пайдалы болып келеді.

 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+