Сайт картасы
қаз

Форумда танымал режиссер Бақыт Қайырбековтың «Огонь, мерцающий в сосуде» фильмінің премьерасы көрсетілді

07.12.2018

  Кино және телевизия саласында маман даярлауда елімізде басты оқу орны саналатын Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы,  «Кино және ТВ» факультетінің ұйымдастыруымен өткен Бірінші Орталық Азия деректі фильм форумы желтоқсаның 7-і күні өз мәресіне жетті.

  Бірінші Орталық Азия деректі фильм форумы Алматы қаласының мәденени өміріндегі айтулы оқиға болды. Өйткені, өзбекстандық режиссер Шухрат Махмудовтың    «Абайдың қара сөздері»  деректі фильмінің тұсаукесерін таныстырса, қазақстандық режиссер Берік Жаханов Әбдіманат есімді өзбек отбасының дәстүрлі кәсібі бесік жасаудың қыр сырларын әңгімелейтін «Наследие предков», яғни «Бабалар мұрасы» атты фильмін көпшіліктің назарына ұсынды. Өзбекстандық режиссер түсірген фильм желісінде қазақ ақынының жастық шағы, оның қоршаған ортасы, шығармашылығы және мұрағат құжаттары кеңінен насихатталған. Мұндай өзара мәдени байланыс екі бауырлас елдерің мәдениеті мен тарихын тануға ерекше ден қойылғанын аңғартса керек.

   Сондай-ақ, аталмыш басқосу қазақстандық танымал  режиссер Бақыт Қайырбековтың «Қазақстандағы түркітілдес халықтар» циклы бойынша түсірілген     «Огонь, мерцающий в сосуде» атты фильмін таныстырумен өз жұмысын аяқтады. Фильм Қазақстан жерінен басқа да Хакасия, Татарстан, Қырғызстан елдерінде түсірілген.  Түбір бір бауырлас халықтардың дәстүрлі мәдениетін қамтыған сюжетті тамашалаған көрермен ерекше тәнті болды. Танымал ресейлік кинотанушы Евгений Майзель фильм авторына : «Экранда көрсетілген дүниелерден көп нәрсені түйдім әрі  аса маңызды жұмысты шебер көрсете білгеніңізге таң қалып отырмын» - деді.  

   Форумда арнайы қойылған көрсетілімдер қазіргі Орталық Азияның   жаңа бет-бейнесінде өзге халықтар бір бірін қалай сыйлай біле алатынын тағы да бір дәлелдей түсті.  

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+