Сайт картасы
қаз

Академия Британдық Кеңес "Creative Spark: жоғары білім беру саласындағы кәсіпкерлік бағдарлама" грантының иегері атанды

07.12.2018

   Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Британдық Кеңес "Creative Spark: жоғары білім беру саласындағы кәсіпкерлік бағдарлама" грантының иегері атанды. Бағдарлама бес жылға есептелген және студент жастар арасында креативті кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және студенттер, оқытушылар мен жоғары оқу орындарының қызметкерлерін ағылшын тіліне оқытуға бағытталған. Голдсмитс (Goldsmiths) – Лондонның беделді университетінің (University of London) бөлігі. ЖОО өнер және дизайн, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған. 2017 жылы Голдсмитс "Өнер және дизайн" (QS, World University Rankings by Subject, 2017) дайындық бағыты бойынша әлемнің 15 үздік жоғары оқу орындарына кірді. Ынтымақтастық мүмкіндігіне ризашылығымызды білдіреміз. 8 желтоқсанда академия өкілдері жоба бойынша оқыту бағдарламалары мен іс-шараларды бірлесіп әзірлеу үшін Лондонға аттанады. Британдық Кеңес бағдарламасы туралы толығырақ мына жерден білуге болады: https://www.britishcouncil.kz/ru/programmes/education/creative-spark

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+