Сайт картасы
қаз

Үздіктер сайысы

08.12.2018

   Үстіміздегі жылдың 7 желтоқсанында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультетіне қарасты «Театр өнерінің тарихы мен теориясы», «Кино өнерінің тарихы мен теориясы» және «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедраларының ұйымдастыруымен «Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары» байқауы мен Республикалық Пәндік олимпиаданың І кезеңі нәтижелері қорытындыланды. Бұл байқауларға негізінен «Өнертану» мамандығының 1-ші және 3-ші курс студенттері қатысты. Іс-шараны факультет деканы өнертану докторы, профессор Б.Нұрпейіс жүргізіп отырды.

Ғылыми-зерттеу жұмысытары байқауының қорытындысы бойынша «Театртану» мамандандыруының студенттері: 1 орын – Тұрлыбек Нұркен,  2 орын – Заманиянова Нұрай, Тұрмағанбет Жансая, 3 орын – Құрманбай Ұлжан, Ембергенов Тәңірберген,  Мерей Алтынбек марапатталса, ал «Ынталандыру сыйлығымен» Қайратұлы Жамиль, Мұқаш Мейірім, Исханов Думан марапатталды.

   «Өнертану» мамандандыруы бойынша: 1 орын – Жұмағұл Еркеназ, 2 орын – Сарсақанов Талант, Айдарова Марьяна, 3 орын – Мукамаева Айдана, Рахманәлі Сымбат, Көпжүрсін Әйгерімге берілді.

    «Кинотану» мамандандыруы бойынша: 1 орын – Жақпаров Қуанышбек, 2 орын – Өмірбаева Аружан мен Амрина Данель, 3 орын – Бақыт Мақпал, Әкімжан Айқын, Дәрібаева Айя марапатталды.      

   «Кинотеледраматургия» мамандандыруы бойынша 1-3 курс студенттерінің ғылыми жұмыстар байқауы бойынша барлығына ортақ «Өмірде болған оқиғаның ізімен» атты тақырыпта әңгіме жазып, сайысқа түсті. Қорытындысында төмендегі студенттері жүлделерге ие болды. 1 орын –Айтбаева Ақмарал, 2 орын – Амантай Дамир, Жанәділ Жексенбек, 3 орын – Әділхан Ерлан, Қалдыбеков Расул, Серік Нұртұрсын марапатталды.

   Республикалық Пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша «Театртану» мамандандыруы бойынша: 1 орын – Тұрмағанбет Жансая, 2 орын – Тұрлыбек Нұркен, Тулақ Улболсын, 3 орын – Мұқаш Мейірім, Ембергенов Тәңірберген, Исханов Думан, «Ынталандыру» сыйлығымен Аманғалиқызы Аяулым, Ұлыхпан Бақталант, Бердіқожа Аружан.

   «Кинотану» мамандандыруы бойынша: 1 орын – Жақпаров Қуанышбек, 2 орын – Өмірбаева Аружан мен Амрина Данель, 3 орын – Сембаев Табиғат, Дәрібаева Айя, Борыбаева Жанел марапатталды.

        «Кинотеледраматургия» мамандандыруы бойынша Республикалық олимпиаданың I турына 1 және 3 курс студенттері қатысып, «Өнерге әркімнің де бар таласы», «Кино. Уақыт», «Бүкіл әлем – театр»  деген тақырыптар бойынша эссе жазды. Нәтижесінде комиссия құрамының шешімімен төмендегі студенттер марапатталды: 1 орын – Амантай Дамир, 2 орын – Айтбаева Ақмарал мен Исламхан Әсел, 3 орын – Қуанышұлы Асылан, Қалдыбай Малика, Қадырбай Бексұлтан.

«Өнертану» мамандандыруы бойынша: 1 орын – Құрал Мадина, 2 орын – Қайырбек Мерей, Сарсақанов Талант, 3 орын – Ораз Балерке, Бахадыр Сымбат, Адилова Мадина марапатталды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+