Сайт картасы
қаз

Академия магистранты Ернар Садырбаев "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығымен марапатталды

12.12.2018

   Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының магистранты, Ернар Садырбаев «классикалық музыка» номинациясы бойынша 2018 жылғы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды! Бұған дейін талантты әнші «Славян базары» халықаралық фестивалінде бірінші орынды иеленген болатын.

   Өнер Ордасының ректоры Асхат Маемиров:  "Халықаралық "Славян базары" байқауының жеңімпазы Ернар бұл марапатқа әбден лайық! Қазақстанның өн өнерін халықаралық аренада кәсіби түрде танытып жүрген Ернар баламның бағындырар биігі әлі алда екеніне сенімім зор! Барша Академиялықтар әрқашан өзіңмен мақтанады. Жеңіс тұғырынан көріне бер!", - деді  өзінің құттықтауында.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+