Сайт картасы
қаз

Желтоқсан оқиғасына қатысқан театр актерімен кездесу өтті

11.12.2018

   2018 жылғы 11 желтоқсанда Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академия кітапханада  М.Әуезов атындағы қазақ Мемелекеттік драмма театрының актері Үсіпхан Сейтімбетпен кездесу болып өтті.

«Желтоқсан оқиғасы бірінші кезекте патриотизм рухы еді. Қазақ елінің өз алдына шаңырақ көтеріп, бодандық бұғауынан шығып, еркін ел болуына талпынған, алғашқы еркін құсын ұшырған бұл күнді әрбір қазақстандық естінде сақтары анық» - деп атап өтті Желтоқсан оқиғасына қатысушы Үсіпхан Сейтімбет. 
   Театр актері Үсіпхан Сейтімбет көпшілікке «Хабар» телеарнасының  «Ұят болмасын», «Біздің көшенің тұрғындары», «Қымызхана» бағдарламалары арқылы жақсы таныс.

   Кездесу аясында оқу залында 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+