Сайт картасы
қаз

Академияда аты аңызға айналған музыканттардың шеберлік сыныбы өтті

11.12.2018

   10 және 11 желтоқсанда Академияның оқу театрында аты аңызға айналған музыканттардың шеберлік сыныбы өтті: Billy КОБЭМ-барабаншы және перкуссионист, Fusion жанрының негізін қалаушылардың бірі, Скотт ТИББС – (клавишалық жанр) Fullertone College музыкалық факультетінің профессоры, шақырылған USC, UCLA, Berklee College of Music, әлемге әйгілі клавишник, Roland синтезаторының бренд-амбассадоры. Жеке сессиялық музыканты болған: Бейонсе, Дженнифор Лопез, Брюс Спрингстин және басқа да жұлдыздар. Фарид ХАК - (гитара) Northern Illinois университетінің джаз және классикалық гитара класcының құрметті профессоры. Оның бағдарламасы АҚШ-тың 10 үздік оқу бағдарламасына кіреді. Пол ХАНСОН-Сан-Франциско консерваториясының түлегі.

   Тим ЛАНДЕРС - бас(фагот, саксофон) Berklee College of Music колледжінің түлегі, соңғы 8 жыл Musicians Institute Лос-Анджелесте сабақ береді. Т. ЛАНДЕРС әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен – Эл Ди Меола, Майк Стерн, Джил Эванс, Майкл Бреккер, Тайгер Окоши және т.б. жұмыс істеген. Мастер-класс "Музыкалық өнер" факультетінің "Эстрадалық оркестр аспаптары" кафедрасының ұйымдастыруымен өтті. Мастер-класстың мақсаты-шынайы уақыт режимінде орындау, саналы өзара түсінушілік және кәсіби коммуникация дағдыларын тереңдету процесінде музыкант-әріптестермен өзара ынтымақтасты жақсарту. Аталмыш Мастер-класс қарқынды оқыту атмосферасында өтті.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+