Сайт картасы
қаз

Профессор М.Д. Шаймерденованың жобалық жетекшілігімен бірінші курс магистранттарының Магжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Ақынның рухани мұрасы» «Күнтізбе арқылы жапсыру» республикалық акциясы аясындағы …

02.11.2018

   2018 жылы 2-ші қарашада  Алматы қаласында орналасқан Достық үйінде ұлы қазақ жазушысы, ақын, ұстаз, этнограф, «Алаш» қозғалысының көшбасшысы Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Ақынның рухани мұрасы» атты мемориалдық кеші өтті.Іс-шара қазақ халқы тарихының ең жарқын және есте қаларлық күндеріне және Қазақстан халқы Ассамблеясының мәдени-танымдық жобасын жүзеге асыруға арналған «Күнтізбе арқылы өткізу» атты республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды.Іс-шараның өтілуіне-Алматы қалалық Достық үйінің қызметіне қолдау көрсету қызметі, Т.К. Жүргенов, А.Байтұрсынұлының үй-мұражайы өз үлестерін қосты. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми сарапшылар тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, Байтұрсынұлы үй-мұражайының өкілдері, шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдері, оқытушылар, Т.К. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА  магистранттары және Алматы қаласындағы  басқа да университеттер  де қатысты. Дөңгелек үстелдің фойесінде «Мағжан атты планета» кітап көрмесі ұйымдастырылды.Өнер академиясының 1-ші курс магистранттары оқу жоспары аясында профессор Шеймерденова М.Д.  жетекшілігімен шағын жоба дайындай отырып,  осы шара бойынша жобаны жасады.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+