Сайт картасы
қаз

Францияның Қазақстандағы елшісі Филип Мартине Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясымен ынтымақтастық меморандумына қол қойды

08.12.2018

   Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров пен Францияның Қазақстандағы елшісі Филип Мартине  екі тараптар арасында  мәдениет, өнер және тарих саласындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған Ынтымақтастық  туралы меморандумына қол қойды.

   Францияның Қазақстандағы елшісі Филип Мартине екі елдің 2000 жылдан бері стратегиялық әріптестік орнатып келеді. Елші Францияда білім алатын қазақстандық студенттер санын көбейту мақсатында жаңа білім беру бағдарламасы тұрақты түрде нәтижелі жүргізіліп келе жатқанын атап айтты.

   Аталмыш құжаттың мақсаты  білім саласындағы xалықаралық ынтымақтастықты арттыру, шет елде стипендиялық бағдарламалар арқылы білім алу мүмкіндіктері жайлы xабардар ету, xалықаралық білім жобаларын іске асыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+