Сайт картасы
қаз

Тұңғыш Президент күні арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты поэзиялық мереке кеші өтті

30.11.2018

   Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы Бас ғимарат фойесінде Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 30 қараша күні 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты поэзиялық-концерттік мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында студенттер Елбасыға арналған жырлар оқып, Елбасының құрметіне жазылған патриоттық ән шырқады. Студенттер адамгершілік, патриотизм мен азаматтық жауапкершілік жайлы мағлұматтар алып, еліміздегі тәуелсіздік идеясының жүзеге асуындағы Президенттің орнына қатысты ойларын тұжырымдады.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+