Сайт картасы
қаз

Хореография факультетінің түлегі Әсет Мырзақұлов "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болды

15.12.2018

   Хореография факультетінің түлегі Әсет Мырзақұлов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағына ие болды!

   Әсет Мырзақұлов Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисті және педагог-репетитор, А. В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің педагогы, Киевте (Украина), (Новосибирск, Ресей), Будапеште (Венгрия), Перми (Ресей) халықаралық конкурстардың лауреаты.

   Ә. Мырзақұлов 2005 жылы А. В. Селезнев Алматы хореографиялық училищесін, 2016 жылы Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Хореография педагогикасы» кафедрасын бітірді.

   Хореография факультетінің ұжымы өз түлегі Әсет Мырзақұловты шын мәнінде лайықты марапатпен құттықтайды және оған шығармашылық және педагогикалық табыстар тілейді!

   Қазақстанның хореографиялық өнері туралы "Qazaq Ballet" ғылыми-көпшілік журналының сайтында әртіс және педагог А. Мырзақұловпен сұхбат: https://qazaqballet.kz/main_articles/aset-murzakulov-zhit-po-strogim-pravilam-baleta/

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+