Сайт картасы
қаз

Хореография факультетінің студенті Молдалім Тоғжан Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсының лауреаты атанды!

15.12.2018

   2018 жылдың 14 желтоқсанында  Т. Қ. Жүргенов атындағы  ҚазҰӨА-ның  оқу театрында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концерт өтті. Шара  барысында "Хореография педагогикасы" кафедрасының студенті Молдалім Тоғжан Білім және ғылым министрлігінің Үздік студенттік ғылыми-зерттеу жұмысы үшін 1 дәрежелі дипломмен марапатталды (ғылыми жетекшісі: өнертану кандидаты, "Хореография режиссурасы" кафедрасының оқытушысы Д. Д. Уразымбетов). Марапатты студентке оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор Ш. А. Әмірбеков тапсырды. Тоғжан Молдалім тек оқу және шығармашылық қызметпен ғана емес, сонымен қатар ғылыми зерттеу жұмыспен де айналысуда, бұл өте қуантарлық жайт екенін атап өтті.

   Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың 29 қарашасында Молдалім Тоғжан Стамбулда (Түркия) өткен "XVIII International Istanbul Eurasia Culture Folkdance — Folk Music — Chorus Festival & Competition" халықаралық байқауының 1 дәрежелі лауреаты атанды. Студент "Қарлығаш" халықтық-фольклорлық композициясын орындады (музыкасы А. Әліппекұлы, хореография Дамир Уразымбетов).

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+