Сайт картасы
қаз

«Шет тілдер және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік кездесу өткізді

14.12.2018

   2018 жылы 14 желтоқсанда «Шет тілдер және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы Алматы қаласындағы ӘМТБжҚО "Жастар үйі" қабырғасында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік кездесу өткізді.

   Аталмыш іс-шараның ұйымдастырушылары «Шет тілдер және ҚХА» кафедрасының оқытушылары, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Таутенбаева А.А., магистр, аға оқытушылары: Туремуратова Қ.Ж., Султан Ж.С., Байджанова Г.Б. және 1 курс драма және кино артисі, хореография, эстрадалық вокал студенттері.

   Іс-шараның мақсаты жастардың бойына Отанға деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру негізінде азаматтылық пен патриотизмге тәрбиелеу болып табылады.

   Концертке қатысқан студенттер өздерінің Отан туралы жанрдағы билерімен және мәнерлеп оқыған өлеңдерімен мерекелік атмосфера қалыптастыра білді. «Жастар үйі» тәрбиеленушілері 1986 жылдың желтоқсан айындағы драмалық оқиғаларға арналған қойылымға тәнті болды. Соңында «Атамекен» әні барлық көрермендермен бірге айтылды.

   Жастар Үйі директоры Шайкенова Ляззат Шаймұратқызы қорытынды сөзінде жылы сөз сөйлеп, қатысушылардың азаматтығы мен патриоттық сезімін атап өтті және осы тамаша кездесуді ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыс айтты.

   Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы өз кезегінде мұндай мерекелерді өткізу «Шет тілдер және ҚХА» кафедрасы жақсы дәстүрге айналдыруға үміттенеді, нәтижесінде өзінің мемлекеті алдындағы патриотизм, борыш, жауапкершілік сезімдерін асқақтату болып табылады, өйткені Қазақстан жас мемлекет және оның болашағы бүгінгі жастармен байланысты.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+