Сайт картасы
қаз

Тұңғыш президент күніне арналған кино апталығы өтті

30.11.2018

2018 жылдың 26-30 қарашасы күндері Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған кино апталығы өтті. Айтулы шараны «Өнертану», «Кино және ТВ» факультеттері бірлесе отырып ұйымдастырды. «Ұлттық кинематографиядағы Елбасы бейнесі» деп аталған шара аясында Тұңғыш президент туралы әр жылдары түсірілген деректі фильмдер көрерменге ұсынылды. Нақтырақ айтқанда Елбасы - біреу, біз оған - тіреу, «Ат үстіндегі ғұмыр», «Назарбаев моделі»,  «Тұңғыш» қатарлы ұлт көшбасшысы туралы деректі фильмдер студенттер назарына ұсынылып, Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы Елбасының айырықша рөлі мен орны экрандық шығармалар тұрғысында көрермен санасында жаңғырды.

Кино апталықтың соңғы күні өткізілген іс-шараның қорытындысы ретінде «Бір ел, бір халық, бір тағдыр» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылып, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жан-жақтылы талқыланды. Шараға ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Қ.З. Халықов, Тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Ш.Қ. Ергөбек, жазушы Сымағұл Елубай, «Театр өнері» факультетінің деканы А.Б. Құлбаев бастаған академия басшылығы мен қатар оқытушылар және студенттер қауымы қатысты. Дөңгелек үстелден кейін Елбасы туралы түсірілген Рүстем Әбдірашвтің «Балалық шағымның аспаны» фильмі көпшіліктің назарына ұсынылып, фильмдегі Елбасы бейнесі өнер академиясының студенттерімен бірге талқыланды. Елбасының ел өміріндегі елеулі орны, халықаралаық деңгейдегі беделі, тарихи тұлғасы туралы тағылымды шараның әсіресе жастар қауымына берері мол деп санаймыз.

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+