Сайт картасы
қаз

БАҒДАТ СЕЙДУЛЛАЕВ «ҮЗДІК СТУДЕНТ – 2018» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

20.12.2018

   5В040700-Актерлік өнер мамандығы, «Музыкалық театр артисі» мамандандыруының 4 курс студенті, Сейдуллаев Бағдат Сәбитұлы  «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен республикалық «Үздік студент – 2018» жобасының жеңімпазы атанып, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтың қолынан диплом алды, «Жас қыран» республикалық талантты жастардың ІІ кітап жинағына енді, және оқу барысында білім, ғылым, өнер, спорт саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Үздік студент – 2018» белгісімен марапатталды. Сондай-ақ, 2018 жылғы Білім және ғылым министрлігі Республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған республикалық конкурстың қорытындылары бойынша І Дәрежелі Дипломмен марапаталды (ғылыми жетекшісі: «Жеке ән салу» кафедрасының доценті Г.Ж.Қарамолдаева).

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+