Сайт картасы
қаз

Алматы қаласының бірқатар жоғары оқу орындарында Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына арналған шаралар аталып өтті

03.12.2018

   Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына арналған шаралар Академия аясында ғана емес, сондай-ақ Алматы қаласының бірқатар жоғары оқу орындарында салтанатты түрде атап өтілді. Шара барысында «Театр өнері» факультетінің деканы, профессор Құлбаев А.Б. естеліктерімен бөлісті, доцент Садықова А.Е. Т. Жүргеновтің Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстандағы өмірі мен ағартушылық қызметі туралы әңгімеледі.      

  • 2018 жылдың 8 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Т. Жүргеновтің 120 жылдығына орай дәрістер оқылды.
  • 2018 жылы 21 қарашасында АЭжБУ акт залында Алматы энергетика және байланыс университетінде Т.Қ.Жүргеновтың 120 жылдығына арналған «Руханият» клубының дөңгелек үстелі өтті.
  • 2018 жылы 21 қарашасында Қазақстан Инженерлік-технологиялық университетінің акт залында «Рухани модернизация: Бағдарламаны іске асыру мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Тулга жоспары бойынша Темірбек Жүргеновтің өмірі мен қызметі туралы кіріспе дәріс «Рухани Зағыры» кеңсесінде өтті.
  • «Бұл тақырыпқа Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында 2018 жылдың 04 желтоқсанында дөңгелек үстел өткізілді.
  • «Ұлы дала тұлғалары» - М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығына және Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция.  

    Аталмыш ЖОО студенттері шара аясында  қазақ халқының қайраткер тұлғасы жайлы фильм мен көрмені қызығушылықпен тамашалады. Студенттер үшін осындай интерактивті танымдық лекциялардың өткізілуі қайраткер тұлғаның өмірі мен сол кезеңдегі қоғам тынысы, қазақ зиялыларының ең басты арманы тәуелсіздік жайлы мағлұматтар алуға маңызы зор болды.  

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+