Сайт картасы
қаз

Анар Абжанованы Пабло Пикассо атындағы жүлдесінің иегері атануымен құттықтаймыз!

20.12.2018

   Italia In Arte nel Mondo академиясы Қазақстанның бейнелеу өнеріне толассыз үлес қосып келе жатқан талантты кескіндемеші Анар Абжановаға үздік шығармашылық жұмыстары үшін алғысын білдіреді. Сондай-ақ, Italia In Arte nel Mondo академиясы көркемдік даму бағдарламаларының басшылығы талантты кескін өнері иесінің жоғары деңгейдегі жетістіктерін жоғары бағалай отырып, алдағы уақытта да «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетімен бірге жұмыс істей беретінін атап айтуда екен. Атап өту керек, Италияның Accademia Italia In Arte nel Mondo өнер академиясы тағайындайтын Пабло Пикассо атындағы марапатқа ие болу айрықша мәртебе. Бұл Академия үшін де үлкен құрмет! Қазіргі заман қазақ кескін өнері алыптарының бірі, талантты суретші Анар Абжанова әрқашан шығармашылық жетістіктерге жете береді деген сенімдеміз!

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+