Сайт картасы
қаз

Құттықтаймыз! Академия аккредиттеуден нәтижелі түрде жоғары бағамен 5 жылға өтті

22.12.2018

   Жаңа жыл қарсаңында Академияданың тағы бір жетістігімен бөліскіміз келеді. 2018 жылдың 21 желтоқсанында Сыртқы сараптау комиссияларының материалдарын қарау шеңберінде АРТА аккредиттеу кеңесінің мәжілісінде Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы  аккредиттеуден  нәтижелі түрде жоғары бағамен 5 жылға өтті.

   Атап өтсек, Жүргенов атындағы ҚазҰӨА білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы ЖОО-ының ТОП-20 бас рейтингісінде жоғары оқу орындары арасында 9-шы орынды, ал өнер жоғары оқу орындары арасында бірінші орынды иеленіп, сапа менеджменті және ақпараттық коммуникациялар қызметінің ең жоғары ұпайына ие болған еді.

  Осы орайда, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі коммерциялық емес мекеменің директоры Алина Жұмағалиева Академия ұжымының атына  жолдаған хатында 5 жыл мерзімге аккредиттеуден өткенін растайтын сертификатын табыстау жөнінде  арнайы  хат жолдап құттықтады. Біз де Академия ұжымын  жаңа жетістіктерімен құттықтаймыз!

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+