Сайт картасы
қаз

«Гүлдер ханшайымы: ертегілер арқылы қазақ халқының мәдениеті мен дәстүріне атты музыкалық-театрандырылған қойылым өтті

08.01.2019

    2019 жылдың 8 қаңтартарында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 1 курс магистранттарының ұйымдастыруымен «Гүлдер ханшайымы: ертегілер арқылы қазақ халқының мәдениеті мен дәстүріне» атты музыкалық-театрандырылған қойылым өтті. Жобаға қазақ-орыс групалары өз үлестерін қосады. Жоба негізі Нұрсұлу Шаймерденованың ертегілер желісінен алынды. Жоба тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, МАИН академигі М.Д.Шаймерденованың жетекшілігімен 1 курс магистранттарының бұл жобасы қазіргі заман «Гүлдер ханшайымы» қазақ ертегі желісінің негізінде дайындалды. Ертегі қойылымы заманауи техникалармен жабдықталған кино мен театр өнерін шебер байланыстырған. Жоба мақсаты – ұлттық  тәрбиенің айнымас бөлшегі ертегі арқылы жас ұрпақтың бойына халықтың тілі мен дүниетанымын, даналығы мен тарихын дарыту.

    Бағдарламада  келген қонақтарға оқу театрының фойесінде жас суретшілердің көрмесімен қатар, студенттердің орындауымен әсем әндер, хореографиялық билер, театрландырылған спектакльдер, бейнероликтер көрсетілді. 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+