Сайт картасы
қаз

ҚР. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бағдарламасының аясындағы «Жарқын болашақ жолында» қайырымдылық жобасы

22.01.2019

2019 жылдың 10 қаңтар күні  т.ғ.к., профессор Шаймерденова М.Д. жетекшілік еткен 1 курс магистранттарының ұйымдастыруымен Алматы қаласы «Нұр» қайырымдылық жанұя балалар үйі кешенінде Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бағдарламасының аясында «Жарқын болашақ жолында» жобасы өткізілді.

Жоба тәрбие жүргізу мақсатында «Қазақтан тарихы мен әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының «Өнер саласындағы жобаларды басқару» пәні оқу бағдарламасымен дайындалған.

Балалар үйінде тұратын риясыз көмекке зәру жетім балаларға қайырымдылық шарасын өткізу аса қажетті. Сол себепті магистранттар қайырылымдық акциясы мақсатында осы жобаны ойлап тапты.

Жоба барысында магистранттар мейірімге мұқтаж қайырымдылық жанұя балалар үйі кешені бүлдіршіндеріне ең қажетті мейірімге толы жайлы орта сыйлады; балаларды қуаныш пен бақытқа кенелтті.

Магистранттар 5 шығармашылық шеберлік сабақтарын өткізіп, мамандық бойынша коцерттік бағдарламаларын (ән, би, сайқымазақ, аяз ата мен ақшақар, дәстүрлі  муыкалық аспаптарда койылым, ұлттық дәстүр стиліндегі флеш-моб, жетім балалардың қатысуымен түрлі ойындар т.б.) ұсынды. Сонымен қатар, дәмді әрі ерекше мерекелі түскі ас ұйымдастырылды.

Жобаның басты міндеттерінің бірі –  қаладағы балалар үйі мәселесін шешу жолында демеушілер мен әлеуметтің назарын аударту. Қайырымдылық шарасы үлгісіндегі жоба балалар үйіндегі сәбилердің жүрегі мен жанын ашуға үйрететін тәрбиелілік іс-шараны құрайды. Сонымен қатар, балаларға армандар орындалатынына сенім ұялатады. Олар жарқын болашаққа – «Жарқын болашық жолында» ұмтылу керек. Қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастыру қиын емес те, тек мыңдаған жанға, әсіресе жастарға әдетке айналуы тиіс.

 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+