Сайт картасы
қаз

«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» шарасына өнер академиясының жастары да қатысты

23.01.2019

Бүгінгі Астана қаласында Елбасының қатысуымен өткен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылуына Үкімет мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, жергілікті атқарушы орган басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, жас әскери қызметшілер қатысты.

         Айта кетейік, аталған шараға Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының мақтаныштары «Эстрадалық өнер» мамандығының ІІ курс магистранты, көптеген республикалық байқаулардың жеңімпазы, Белоруссия елінде өткен «Славянский Базар - 2018» халықаралық вокалдық конкурсының лауреаты, Мемлекеттік жастар «Дарын» сыйлығының иегері Ернар Садірбаев, «Театр өнері» факультетінің актерлік өнер мамандығының І курс магистранты, «Сахнагер - 2017» Ұлттық театр сыйлығының, «Серпер» жастар сыйлығының, Елбасы степендиясының иегері Аян Өтепберген Өмірәлі және 2018 жылдың «Алтын Адам» жобасының жеңімпазы, «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасының иегері, ҚР Тұңғыш Президенті мемлекеттік степендиясының иегері, «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының жас оқытушысы Анар Абжанова қатысты.

         Еске сала кетсек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын. Президент өз сөзінде жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін айтқан болатын.

         Ал, арада бір айдан астам уақыт өткенде Елбасы Жарлығымен 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды.

         Суреттер www.akorda.kz сайтынан алынды.

 #ILoveQazaqstan, #ElimdiSuiemin, #JastarAlga, #JarqynBolashaq. #ЯЛюблюКазахстан, #ЯЗаЕлбасы.

 

Кері қайту ҚАЗҰӨА-дан жаңалықтар
+